Аптаның алғашқы күні, 2017 жылдың қаңтар айының 9 күні ҚМДБ-ның Павлодар облысына қарасты Павлодар қалалық және қала маңындағы барлық ауыл мешіті имамдарының алғашқы басқосуы болып өтті. Басқосуды ҚМДБ-ның өкіл имамы Исенов Нариман ашып, қасиетті дінімізді өз өңірімізде жаю, дамытып, көркейту ісінде мешіт және мешіт имамдарының рөлі, ауызбіршілігі туралы кеңінен тоқталып, 2017 жылы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінен атқарылатын іс-қызметтер жоспарын таныстырып, қосымша пікірлер тыңдады.
Келесі кезекте сөз алған наиб имамдар Аманқулов Хасан, Қайырбеков Нұрлан, Құдабаев Ерболдар қалалық және қала маңы ауыл мешіттері жамағаттары арасына жүргізілетін 2017 жылғы уағыз-насихат, діни сауат ашу курстары жұмыстарын жүйелеп бір ретке келтіру, жамағатты молынан қамту, ер, әйел жамағаттарға уағыз айтылатын күндерді арнайы белгілеу , жат ағымның алдын алу, уағыз-насихат жұмысына БАҚ құралдарын пайдалану, облыс орталық мешітінің «Мазһаб.кз» діни танымдық порталына сапалы мақалалар даярлап беру қатарлы іс-шараларды атқаруда бірауыздан пәтуалар жасады.
Мәселен, әр аптаның сәрсембі күні қала және қала маңындағы ауыл мешіттерінің ер жамағаттарына сағат 19.00-да, ал әйел жамағаттарына арнап әр аптаның жексембі күні сағат 14.00-15.00 аралығында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде уағыз айтылып тұратын болды.
Сонымен қатар, мешіт қызметшілері және мешіт жамағаттары арасына бірлескен қоғамдық шаралар, спорттық ойындар ұйымдастырып тұру ісін тұрақтандыру бағытында келісіп, арнайы адамдар бұл шаралардың міндеттерін бөлісті.
Имамдардың келелі кеңесі өңіріміздегі мұсылман қауымының жаназа, дәлел, Құдайы ас беру мәселелеріне байланысты ұстанатын бірізді келісімді мақұлдады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.01.2017
3613
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру