Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар үйінің 100 жеткіншегі демалыс орталығында болды

09.01.2017 3353 0 пікір

Мәуліт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО Орал орталық мешіті жамағатының қолдауымен жетім балаларға арналған қайырымдылық шарасы болып өтті.

Қайырымдылық шарасына аясында облыстық балалар ауылы мен жетім балалар үйінің 100-ге жуық жас жеткіншекті арнайы автобус пен құқық саласының мамандарымен «Еуразия» сауықтыру орталығына жеткізді.

Алдымен аталмыш орталықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, балалар шаңғыға тұрып, сырғанақпен сырғанап, мәз-майрам болып, жүздеріне күлкі ұялады. 

Ақ дастархан жайылып, тәттілер беріліп, Орал орталық мешітінің наиб имамы  Марат Асанов өкіл имам Руслан Сұлтановтың ыстық сәлемін айтып, «Мәуліт» жайында әңгімелеп, иманды азаматтарға ризашылығын білдірді.

Түскі астан кейін балалар тағы ойын ойнап, бір күнді балалық шат сезімге толы етіп өткізді.

БАҚ өкілдер шараға қатысты. Иманды азаматтарға Алла разы болып, екі дүниенің бақытын сыйласын. Бала қуануға әрқашан лайық.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру