«Нұр Ғасыр» мешітінің әйелдер ұстаздарының ұйымдастыруымен «Руханият» мұражайында Мәуліт кеші аталып өтті. Кең ауқымда өткен бұл іс-шараға Ақтөбе қаласының әйелдер жамағаты арнайы қонақ болып шақыртылды. Үлкен деңгейде өткен мерекеде көріністер қойылды, солардың қатарында «Уәйс әл-Қаранидың оқиғасы» болды. Балалар өздерінің Алла елшісінің ﷺ туған күніне дайындап келген жыр-термелерін сахна төрінде айтып, көңіл толқытты. Одан бөлек әртүрлі сайыстар өткізіліп, соңында әйел жамағаты дастархан басында бас қосты.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.01.2017
3381
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру