Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Оралға арнайы сапармен келді

04.01.2017 3737 0 пікір

Ақжайық төріне «Орал» орталық мешітіне РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы арнайы сапармен келді. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жылы шыраймен қарсы алып,  жиналған жамағатқа таныстырды.

Алдымен Ризабек Батталұлы көпшілікті "Мәуліт" мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыз  жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндіріп берді.

Бұл кездесу мәуліт айында «Орал» орталық мешітінің жамағатына рухани серпіліс беріп, жамағаттың өзара біріктіріп, ауызбіршілік-ынтымағын күшейтті. Ұстаз Ризабек Батталұлы мешіт жамағатына әсерлі уағыз-насихат айтып, жан-жақты сұрақтарға жауап берді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ғалымның қарапайым мұсылманнан артықшылығы, Менің сендердің ең төменгі дәрежедегілеріңізден болған артықшылығындай. Шын мәнінде Алла Тағала және Оның періштелері, аспан мен жердегілер, тіпті ұясындағы құмырсқа мен теңіздегі киттер де адамдарға жақсылық үйретушіге салауат айтады (яғни, Алланың игілігін тілейді)», - деген. Ендеше ұстазымыз Ризабек Батталұлының шақыруымызды аяқ асты етпей, арнайы келгені үшін Алла Тағала риза болып, білімі артып, халыққа етіп жатқан қызметі жемісті болсын.

 Игілікті  шара Бөрлі аудандық мешітінде өз жалғасын тапты.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру