Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі ғалым Сансызбай Құрбанұлы Жетісай өңірінде болды

04.01.2017 3636 0 пікір

Қасиетті мәуліт айында, қастерлі жұма күні аудандық «Нұғман» мешітіне ҚМДБ Пәтуа бөлімінің орынбасары, РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлы ұстазымыз арнайы келді. Мақтарал ауданына ат басын тіреген С. Құрбанұлы мешіт жамағатына жұма уағызын жүргізді. Уағыз барысында Пайғамбарлардың мөрі болған Мұхаммед туған айы Мәуліт мерекесі жайлы сөз қозғап, Алланың Расулы болған Пайғамбарға деген махаббатты арттыру керектігін, оған көптеп салауаттар айтқан адамға қияметте шапағатшы болатындығын айтты.

Сонымен қатар, Муминун сүресінің алғашқы аяттарында айтылған жаннатқа кіретіндердің сипаттары жайлы сөз қозғап, олардың қияметте құтылушылардан болатындығын, олар намаздарында Алладан шынайы түрде қорқып, ғибадат жасайтындықтарын және ата-ана мен туған-туысқандар арасында қарым-қатынасты нығайту керектігін де тілге тиек етті.

Уағыз соңында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мүбарак, құтты болғай, бұл жолда ата-бабаларымыз қанша қандарын төгіп, елі үшін күрессе, ендігі кезектегі біздің міндет осы еліміздің тыныштығын сақтау үшін, егемендігін сақтау үшін күресу, ел үшін, дін үшін қызмет етіп дүниеден өтуімізді нәсіп етсін деп, мешіт жамағатына дұға етті.  

Жұма намазы біткен соң Жетісай қалалық «Өткелбай», «Әл-Құддыс» мешіттерінде өткен мәулітке қатысып, қала мен ауылдардан жиналған барша жамағатқа үгіт- насихат айтып, жамағаттың көкейлерінде жүрген сұрақтарына толықтай жауап берді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру