Халық аузында қайырымдылық шараларының қара шаңырағы атанып кеткен «Әзірет Сұлтан» мешіті жыл соңын тағы бір игі іспен аяқтады. Мешіт басшылығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойының құрметіне құлшылық ордасының сыртқы тазалығына жауапты «Астана тазалық» қызметкерлеріне арнайы «Алғыс хат» табысталып, азық-түлік қоры берілді.
Астанамыздың ажарын арттырған «Әзірет Сұлтан» мешітінен күндіз-түні кісі үзілмеуінің де бір астары алып мешіттегі жайлылық пен тазалықта жатқаны сөзсіз. Осы орайда құлшылық ордасының қысы-жазы сыртқы тазалығын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келген тазалықшылар тобының еңбегі орасан.
Осы айтылғандарды тілге тиек еткен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы қызметкерлерге мешіт ұжымы атынан алғыс білдіріп, 25 жанға қайырымдылық сөмкелерін үлестірді. Аталмыш шараға қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің іс басқарушысы Жарылқасын Аманов та ауа-райының қандай кезінде де мешіт ауласын қоқыс пен қардан тазалап, мұнтаздай етіп келе жатқан жандарға өз ризалығын жеткізіп, жұмыстарына сауаптан жазылуын сұрады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.01.2017
3394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру