
29 желтоқсан Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде мүбәрак Мәуліт мерекесіне орай 100 адамға арналған дастархан жайылды. Дастарханға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» Орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және наиб имамдары, басқа да қалалық мешіт имамдары және де сол мешіттің жанашыр жамағаты қатысты. Дастарханды «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхан қасиетті Құран аяттарымен ашты. Одан кейін сөз алған наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы келген жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, атсалысқан барша ағайынға және «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлына алғысын білдірді.
Мәуліт мерекесінің құрметіне орай жайылған дастархан қонақтарына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Әбітайұлы «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» атты уағыз айтып, жамағатты ғибратты оқиғасына ұйытты.
Кеш соңына қарай Жұманазар Садырханов пен «Әс-Сәлам» мешітінің наиб имамы Жүніс Төрежанұлы әуелетіп «Мәуліт жырын» оқыды. Келген қонақтарға «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналы тегін таратылды.






















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.12.2016
4681
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру