Мәуліт мерекесіне орай Сырым аудандық мешітінің бастамасымен "Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы мен "Қайсар" спорт клубының қолдауымен мешіт жамағаты арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнирі болып өтті.
Турнирге ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, "Қайсар" спорт клубының директоры Бауыржан Ихсанов, "Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төрағасы Ержан Жұмағожиев, аудан имамдары, Орал, Теректі, Қаратөбе аудандары мен Жалпақтал ауылынан балуандар қатысты.
Арнайы сапарымен барған облыс орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы: Барша жиналған қауымды еліміздің тәуелсіздігі 25 жылдығы мен "Мәулет" мерекесімен құттықтап, «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деген сөз бар, сенің бабың да, бағың да қатар шапсын, екеуі де жеңісті мәреде болсын! АЛЛА жеңісті тұғырда балбұл жанған күлкіңді көруге жазсын, жеңістің тәтті дәмін татырсын! Қатысқан жарысыңның барлығында жеңістің тұғыры сенің мекенің, тұрағың болсын! -деп жүрекжарды тілегін білдірді.
Балуандар 60, 70, 80, 90 келі салмақта бақ сынасып, жеңімпаздарға тиісті дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар марапатталды.
Шара соңында ақдастархан жайылып, жиналған қауым мәуліттен-мәулітке аман-есен жетейік, -деп дұға жасады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2016
3735
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру