Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақсақалдар сертификат алды (ФОТО)

29.12.2016 3501 0 пікір

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі сауат ашу курсының ақсақалдар тобының шәкірттеріне сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің тапсырмасымен, Елорданың барлық мешіттерінде жыл бойы діни сауат ашу курстары жемісті жұмыс істеп келеді. Ерлер сауат ашу курсы, әйелдер сауат ашу курсы жыл бойы жұмыс істесе, жазда мектеп оқушыларына арналған "Имани жаз" сауат ашу лагерлері әрбір мешіттерде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінде де сауат ашу курстарының 200-ден астам тұрақты білім алған ер-әйел шәкірттері күндізгі және кешкі топ болып жыл бойы дәріс алды. Сонымен бірге, әрбір имамның жекелеген шәкірттері өздеріне қолайлы уақыттар бойынша үздіксіз білім нәрімен сусындаса, ақсақалдар тобындағы 20-дан астам шәкірттер жыл бойы әр аптаның бес күнінде тұрақты дәріс алып келеді.

Сауат ашу курсындағы шәкірттер жыл бойы «Құран», «Фиқһ», «Сира», «Тәжуид» пәндері бойынша білім алуда.

ҚМДБ-ның ұсынысымен Түркиядан арнайы келген Мұхаммед Фатих ұстаз тамыз айынан бері ертелі-кеш мешіт шәкірттеріне топ-топ бойынша "Құран", "Тәжуид" сабақтары бойынша дәріс жүргізіп келеді. 

Осыған орай, бүгін бір жылдық оқу курсын үздік көрсеткішпен тәмамдаған ақсақалдар тобындағы 20-дан астам ақсақалға сертификат табысталды. Сертификатпен бірге Құран Кәрім, Хадис кітаптары, т.б кітаптармен сыйланды. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру