Жуырда Алматы қаласының наиб имамдарына жан-жақты біліктілік көтеру семинары өткізілді. Онда имамдар білікті мамандардан, атап айтқанда Сансызбай Құрбанұлы, Ерсін Әміре, Қайрат Құрманбаев, қари Бахтияр Қасымалиевтен бірнеше дәрістер алып, білімін пысықтаған болатын.
Артынша өткен біліктілік көтеру семинарында азаншылар біліктілігін арттырды. Оларға Құрсақов Медет азан айтудың шариғаттағы қыр-сырлары туралы әңгімелесе, Ашимов Қасым азан айту шеберлігі турасында дәріс оқыды. Осымен ҚМДБ-ның нұсқаулығы аясында биылғы жылға жоспарланған біліктілік көтеру семинарлары қорытындыланған болды.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай семинарлар Алматы қалалық әкімшіліктің ұйытқы және демеу болуымен бұдан бұрын да бірнеше рет ұйымдастырылған болатын.
Кеше семинар қорытындыланып, қатысушылар түгелдей қала әкімшілігінің «Сараптама және зерттеу» орталығының сертификаттарын алды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2016
3755
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру