Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты «Шымкент медресе колледжі» қасиетті Мәуліт айының құрметіне рухани іс-шара ұйымдастырды.
Елімізде барша мұсылман қауымына ортақ – Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (ﷺ) туған күні Мәуліт мерекесі тойлануда.
Робиъу әл-Әууәл айында бүкіл адамзат үшін үлкен тарихи оқиға орын алғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ол адамзатқа сүйінші, ескертуші етіп жіберілген Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың туған күні – «Мәуліт» күні, «Мәуліт» айы. Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолдап, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп, барлық мұсылман қауымына «Шымкент медресе колледжі» ұстаздары мен шәкірттері мәуліт құтпасын оқыды.
Рухани шара кезінде оқу ордаысының директоры Талғат Әсембай және ОҚО өкіл имамының орынбасары Амантай Садиев Мәуліттің қадір-қасиеті мен шығу тарихы жайлы шәкірттерге баяндап берді.
Шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2016
3642
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру