Робиъу әл-Әууәл айында барша адамзат үшін үлкен тарихи оқиға орын алғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ол адамзатқа сүйінші, ескертуші етіп жіберілген Мұхаммед ﷺ пайғамбардың туылған күні – «Мәуліт» күні, «Мәуліт» айы.
Ақтөбе облысы өкілдігі осындай күндердің бірінде Мәртөк ауданына қонаққа барды. Аудан тұрғындары мәдениет үйінде «Мәуліт» мерекесін атап өтті. Мәртөк аудандық мешітінің Бас имамы Мұқанов Берік пен найб имам Рафатдинов Бахрамның ұйымдастыруымен өткен бағдарламада Алла елшісінің ﷺ өнегелі ғұмырынан сыр шертіліп, жиналған жұртқа уағыз-насихат айтылды. Іс-шарада көріністер қойылып, жыр-термелер тартылды. Ақсақалдар Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолдап, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп бата жасады.
Соңында ел-жұрт мерекелік дастархан басында жиналды. Онда да жиналған аудан тұрғындары тілек айтып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар Мәртөк аудандық мешітіне қайырымдылық жасап, барымен бөлісіп, қол үшін беріп келе жатқан бірқатар азаматтар алғыс хатпен марапатталды. Солардың қатарында Мәртөк ауданының әкімі бар.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.12.2016
3464
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру