ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Әл – Ақса мешітінің имамы Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) немересі, Хасаннан (р.а) тараған ұрпағы Шейх Наджих Бкерат қонақта болды.
Жалпы Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – Исламның үшінші қасиетті мекені.
Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын.
Осы мекеннен Сыр еліне тұңғыш рет келген Шейх Наджих Бкерат орталық мешіт тынысымен танысып, өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлымен кездесті.
Өз кезегінде өкіл имам қонаққа қасиетті Құран Кәрімді, жайнамаз, тәспі және ұлттық үлгідегі қаламды сыйға тартты.
Шейх Наджих Бкерат мешіт қызметіне ризашылығын білдіріп, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының еңбегіне, қызметіне береке тілеп, дұға жасады.
Сондай-ақ, сол күні ұйымдастырылған қалалық "Қалмұхаммед ишан" мешітіндегі Мәуліт мерекесіне қатысты.
Сыр еліндегі Мәулітке қатысқан Шейх Наджих Бкерат ел тыныштығы үшін дұға етті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2016
9344
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру