Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иманғали» мешітінің әйел жамағаттары мәуліт кешін өткізді (фото)

26.12.2016 3808 0 пікір

Желтоқсан айының 25-күні «Иманғали» орталық мешітінде «Пайғамбарым – ардақтым» атты әйел жамағатына арналып мәуліт кеші аталып өтті. Алла тағаланың ең сүйікті елшісі, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз ﷺ дүниеге келген ай – Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған рухани-танымдық шара Құранмен ашылды.

Сондай-ақ, Мәуліт құрметіне салауат айтысып, бірін-бірі құттықтай келген жамағатқа ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы осынау айтулы мәуліт айының артықшылықтарын айтып, шараның мән-маңыздылығына тоқталды.

Бас имам: «Мәуліт – пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ дүниеге келген және дүниеге келуімен жер бетін мәңгілік жарық нұрмен сүйіншілеген күн. Бұл туралы пайғамбарымыздың ﷺ өзі «Мен бұл күні дүниеге келдім, үмметіме елші болып жіберілдім, бұл күні маған Құран түсті»,– деп дүйсенбі сайын ораза ұстап, Мәуліт күніне құрмет білдірген. Сондықтан пайғамбардың ﷺ туылған күнін атап өту, құрметпен салауат айту – күллі мұсылман жамағаты үшін сүннет», – деді.

Шара барысында ҚМДБ-ы Атырау өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Айжарқын Түзелованың бастамасымен сауат ашу курсының әйел жамағаты иләһи салауаттар айтып, пайғамбар ﷺ сүннетін ұлықтайтын көріністер қойды.

Кешті қорытындылаған Б.Берденұлы «Иманғали» орталық мешітінің қайырымдылық бағытта жүргізіп жатқан іс-шараларына белсене араласып, азаматтық қолдау көрсетіп келе жатқан әйел-аналар жамағатына «Алғыс хат» табыс етті.

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру