Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау облыстық мешіті мәулітті атап өтті

26.12.2016 4061 0 пікір

Зекет қорының Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Серік Хантөреев пен маңғыстаулық қажы апа-әжелер облыстық орталық мешітте мәуліт айының құрметіне арнап мешіт жамағатына дастархан жайды.  Шараға өкіл имам С.Сейтбеков қатысып, жамағатқа «Пайғамбарымызға шынайы үммет болайық» тақырыбында уағыз айтты.  Мешіт ақсақалдары да сөз алып, бүгінгі отырыстың мән мағынасы Пайғамбарымызды ұлықтап, оған салауаттар айту – сауапты іс екенін жеткізді.

Ас соңында Зекет қорының Маңғыстау облыстық филиалы басшылығының ұйымдастыруыменен жиналған жамағатқа сыйлық ретінде жайнамаз таратылды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру