Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда «Үммет үні» атты мәуліт кеші өтті

26.12.2016 3803 0 пікір

Талдықорған қаласы Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде Пайғамбарымыздың  туған айының құрметіне арнайы мәуліт кеші болып өтті. Бұл кеш Құран оқумен басталып, сахнада Пайғамбарға ﷺ арнайы салауаттар айтылды. Мешіт ұстаздары мен шәкірттерінің түрлі қызықты да өнегелі қойылымдарына көрермендер тәнті болды. Жас бүлдіршіндер Пайғамбарға ﷺ арналған сағыныш өлең шумақтарын оқып берді.

Бұл кеште ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы құттықтау сөз сөйлеп, Алматы облыстық дін істері басқарма басшысы Р. Есдаулетовпен үлгілі болған имамдарға сый-сияпат жасады. Атап айтқанда, «Ең тәжірибелі имам», «Көп балалы имам», «Ең жас имам» және «Білімді имам» номинациялар бойынша сыйлықтар берді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру