Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақтөбе медресе-колледжінде» қыздар арасында «хадис» жарысы өтті

26.12.2016 4318 0 пікір

«Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары, Ақтөбе қалалық мешіт ұстаздары және  «Ақтөбе медресе-колледжі» ұстаздарының ұйымдастыруымен Бестамақ ауылында «хадис» жарысы өткізілді. Мәуліт мерекесіне орай өткізілген бұл сайысқа мешітіміздің әйелдер сауат ашу курсының шәкірттері мен Бестамақ ауылының тұрғындарынан әйел шәкірттер қатысты. Барлығы 13 адам қатысқан жарыста шәкірттер өз білімдерінен сыналып, жетістіктерін көрсетті. Іс-шара барысында көріністер көрсетіліп, шашу шашылды.

Алла елшісінің хадистері бойынша өткен осындай ауқымды шарада I-орынды Шауменова Гүлсім есімді қарындасымыз, II-ші Есқазиева Гүлфайруз, ал III-орынды Қойшығұлова Анар есімді шәкірттер иеленді. Сонымен қатар төрт қатысушыға ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру