ҚМДБ әйелдер-қыздар секторының Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр-Мубарак» университетінде алғаш рет әйелдер жамағатына арналған «Адамзаттың асылы» атты Мәуліт мерекесі кең көлемде өткізілді.
Кешке ҚМДБ әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.
Сектордың Алматыдағы өкілі, Алматы орталық мешітінің ұстазы Маржан Оразанбайқызы уағыз-насихат айтып, өкіл Имам Нұрбек Әуесханұлының атынан қатысушыларды құттықтады.
Кеште Құран оқылып, салауаттар айтылды, әуезді әндер орындалып, көріністер көрсетілді. Келген қонақтар фоеде домбыраның қоңыр үнімен қарсы алынды. Сондай-ақ домбыра, қобыз және жетігеннің әуелеген үнімен күйлер шертілді.
Бұған дейін әйелдер-қыздар секторы «Пайғамбарға сағыныш» атты жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Мүшәйраның үздігі анықталып, жеңімпаз Алтаева Әнелге 30 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде осы кеште табыс етілді.
Ізгі дәстүрмен жамағатқа кәмпиттен шашу шашылды. Бірақ бұл шашу жай шашу емес. Оны терген көрермендер үшін қағазда шариғи сауапты амалдарды орындауға тапсырмалар жазылып, шашылған шашу ізгі амалға ұлассын деген ниет білдірілді.
Жиылған қауым кештен рухани азық алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады. Кештің өтуіне қолдау білдірген «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне алғысымызды білдіреміз.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.12.2016
3985
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру