Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Ғасыр» мешітінде мәуліт мерекесіне арналған дастархан жайылды

23.12.2016 3745 0 пікір

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде Алла елшісінің ﷺ туылған күні «Мәулітке» арналған іс-шара өтті. «Нұр Ғасыр» мешіті жамағаты, мешіт жанашырлары, аудан, қала имамдары қатысқан бұл шарада дастархан жайылды.

Мерекелік дастархан Құран оқумен басталып, ізгі тілектермен жалғасты. Іс-шара барысында мәуліт жайында көріністер қойылып, ақсақалдар тарапынан ақ тілектер мен өлең жолдарына орын берілді. Өкіл имам, наиб имамдар жиылған жамағат алдында уағыз-насихат жүргізді. Және де Мәуліт айының мәні мен маңызын түсіндірген мешіттін діни қызметкерлері келген қонақтарға ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар «Ақтөбе медресесінің» колледж мәртебесін алуына мерекелік дастархан үстінде Әбдімүтәліп Қайназарұлы марпатталды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру