
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала мешіттері имамдарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат өткізді.
Жиналыс барысында ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тарапынан берілген тапсырмалар талқыланды.
2016 жылдың 16 қарашасында өткен Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде республикамыздағы мешіттердің ішкі тәртіп ережесі бекітілген болатын.
Аталмыш ережеде мешітке келуші жамағаттардың, мешіт қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, діни қызметке байланысты басқа да жауапкершіліктер толық қамтылған.
Осы және басқа да тапсырмаларды қала имамдарына түсіндіріп өткен бас имам Т.Омаров ереженің қала мешіттерінде ілініп тұру керектігін де тапсырды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2016
2972
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру