Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елбасы терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтетін заңға қол қойды

23.12.2016 3590 0 пікір

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойды. Бұл жайында Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы тұру шараларын күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының экстремизм және терроризмге қарсы тұру мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңына қол қойды. Заң мәтіні басылып шығарылады.

Заң жобасын қабылдаудағы мақсат - терроризм және экстермизм, қару-жарақ айналымы мен миграциялық реттеу саласы бойынша іс жүзіндегі заңнаманы жетілдіру. 

Заң жобасын даярлаушылар атап өткендей, оны қабылдау мемлекеттік органдардың, экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ететін ұйымдар қызметінің нәтижелілігін артырады. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді. 

Айта кетейік, заң жобасын талқылауға қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, мешіт пен шіркеу өкілдері қатысты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру