
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев Астана қаласындағы «Назарбаев» университетінде Қазақстандағы алғашқы халықаралық «Ислам мәдениеті және Ұлы Жібек жолының тұрмысы» фотоөнер шеберлерінің үздік туындылары» фотокөрмесіне қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.
Наиб имам Ислам мәдениеті мен білімі ортағасырда Ұлы Жібек жолы арқылы дүниежүзіне тарағанын, әлемнің білімі мен ғылымына үлкен үлес қосып, мәдени өрлеп-дамуына себепкер болғандығына тоқталып кетті. Қазіргі таңда әлемнің алдынғы қатарлы елдері өзінің жеткен жетістіктерінде Ислам мәдениеті мен ғылымына борыштар екендігін жеткізді. Қытай елінің осынау Ислам мәдениеті мен мұсылман халқының тұрмысын кеңінен танытуға қосып отырған үлестеріне алғысын жеткізді.
Көрмеде Қытай, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі, Бангладеш, Вьетнам және т.б. сияқты әлем елдерінің белгілі фотографтарының туындылары ұсынылды. Фотолар Ұлы Жібек жолы елдеріндегі Исламның көп қырлы әлемін паш етеді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына, «Ұлы Жібек жолы» бастамасының 3-жылдығына арналған айтулы шараға ҚХР ҚР Елшілігінің өкілдері, Халықаралық Ислам достық пен мәдениетке жәрдем беру Қауымдастығының басшылары, ҚР Этно-мәдени өкілдері, отандық ғалымдар, студенттер мен оқушылар қатысты.
Фотокөрменің екінші бөлімі 22-желтоқсанда Астана қаласындағы «Хас Санат» фотогалереясында ашылады. Фотокөрме Қазақстан дұңған қауымдастығы, ҚХР Нинься Халықаралық Ислам достық пен мәдениетке жәрдем беру Қауымдастығы, ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің қолдауымен өтуде.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.12.2016
3450
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру