
Семей қалалық мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт мерекесі тойланды.
Мүбәрак кешке Семейлік ақсақалдар мен ақжаулықты аналар, қала қонақтары қатысты. Салтанатты шараның шымылдығын Семей қалалық имамдары Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ салауатымен басталды.
Жиналған жұртшылықты Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар құттықтады.
- Тарих беттерін парақтай қарасақ, кез келген мемлекет дінсіз өркендей алған емес. Соның ішінде Қазақстанның мемлекет болып, тәуелсіз ел болып қалыптасуында Ислам діні үлкен рөл атқарды, атқарып та келеді.
Бүгінде өздеріңіз көріп отырсыздар, көптеген мұсылман елдерінде түрлі қақтығыстар, соғыстар орын алып жатыр. Сондықтан, қоғамға еніп кеткен мысықтілеулес түрлі топтар мен пасық пиғылды адамдардың іргемізді сөккісі, тыныштығымызды бұзғысы келетін іс-әрекеттерінен ортамызды, жастарымызды қорғай білейік. Ислам діні алда да еліміздің, жеріміздің тыныштығы мен тұрықтылығы жолында қызмет ете бергей, - деген Садырбаев Айдар семейліктерді қала әкімі Ермак Бидахметұлының атынан құттықтады.
Одан кейін сөз алған ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілі Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семейліктерді мүбәрак Мәуліт айымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан құттықтады.
- Мәуліт – Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ дүние есігін айқара ашып, қараңғы әлемге қуаныш нұрын ала келген күн. Пайғамбарымыз Мекке мен Мәдинаға келгенде қалалықтар Оны ﷺ «Толықсыған ай туды» деп қуанысып, жолын сарыла күтіп қарсы алған болса, Пайғамбарымыздың ﷺ туған күнін біз де Оның ﷺ тамаша қасиеттерін, көркем мінезін еске ала отырып атап өтуіміз жөн. Өйткені, Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім маған салауат айтса, Алла ондай пендеге он салауат айтады», - депті.
Сондай-ақ, Мәуліт оқылып, салауат айтылған жерге Алланың нұры мен шапағаты төгілетіндігі де айтылған. Ендеше қасиетті Мәулітте елімізге тыныштық пен тұрақтылық, барлық шаңыраққа береке-бірлік, шаттық тілеймін, - деді.
Шара барысында адамзаттың саңлағы Мұхаммед Пайғамбарымыз ﷺ туралы ана тілімізде діни әндер айтылып, өлеңдер оқылды, ақындар Мұхаммед Мұстафаның ﷺ көркем мінезін, ерекше тумысын жырмен сомдады.
Одан әрі театр әртістері сахналық көрініс қойды.
Мәуліт кешін қорытындылаған өкіл имам А.Қуанышұлы аймағымызда дәстүрлі Ислам дінін насихаттауға атсалысып жүрген мешіт қызметкерлері мен бір топ азамат және азаматшаларға Алғыс хат табыс етті.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.12.2016
3499
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру