
Қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған айдың құрметіне орай Мәуліт жыры оқылып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) жамағатпен бірге салауаттар айтылды.
Тәуелсіздік күніне тұспа-тұс айтулы мереке аясында мешітке келуші жамағатқа Пайғамбарлар падишасының (с.ғ.с.) ғибратты ғұмырбаяны мен қоштасу құтпасы жазылған арнайы парақшалар таратылды. Бұған қоса, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті жемісі құрма салынған қалташалар де үлестірілді. Сондай-ақ, құлшылық ордасына ата-аналарымен бірге келген бүлдіршіндерге бүгінгі күннің қуанышын сезіндіріп, сәби санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре түсу мақсатында «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы» бейнеленген шарлар тарту етілді.
Тұғырлы мерекеміз Тәуелсіздік күніне орай бүгінгі жұма уағызының тақырыбы да ата-бабамыз аңсап өткен азаттығымызға арналды. Мешіт мінберіне көтерілген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Алла Тағаланың қазақ халқына нәсіп еткен ұлы нығметі Тәуелсіздік туралы ой толғады.
Бұдан кейін «Әзірет Сұлтан» мешітіне лық толған жамағат Мәуліт жырын тыңдап, сүйікті пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қосыла отырып салауаттар жолдады. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолынан сыр шертетін Мәуліт жырын жамағатқа Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы, қари Ерлан Базарбайұлы мен Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Жұмабаевтар оқып беріп, көпшілік ықыласына бөленді.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.12.2016
3420
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру