ҚМДБ Жастар ісі бөлімі Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде белсенді студенттердің қатысуымен «Жастар және тәуелсіздік» атты танымдық семинар өтті. Аталмыш семинарға ҚМДБ Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан қатысты.
А. Ұтысхан тәуелсіздік тәңірдің тартуы екендігін айтып, оны бағалай білуге және студенттерді бар ынта-ықыласымен білім алуға үндеді.
Сондай-ақ, еліміздің басына қонған бағына қызғанышпен қарайтындар, әртүрлі құйтырқы әрекеттерімен ел ішіне ылаң салғысы келетіндер табылатынын сөз етті. Әрине, солардың бірі – теріс ағым. Жастарға дәстүрлі емес ағымдардан сақтану жолдары да түсіндірілді.
Семинар студенттердің көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.12.2016
3643
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру