Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт айының құрметіне «қайырымдылық» акциясы өтті

15.12.2016 3980 0 пікір

Бүгін «Иманғали» орталық мешітінде Мұхаммед пайғамбарымыз ﷺ дүниеге келген қасиетті Мәуліт айына орай "қайырымдылық" акциясы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандардың аз да болса көңілін көтеріп, оларға көмек қолын созу мақсатында ұйымдастырылған шараны мешіттің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, мәуліт айының қадір-қасиетін түсіндірді.

Сондай-ақ, мешіттің наиб имамы Ардақ Жұмабекұлы жиналған жамағатқа Мәуліт айында жасалатын құлшылықтар туралы насихат етті. «Кімде-кім Пайғамбарға ﷺ бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он рет салауат айтады», – деп құдси хадисте айтылғандай, асыл пайғамбарды ﷺ ардақтау – Алла Тағала құзырындағы сауапты іс. Сондықтан Мәуліт сынды адамзаттың ардақтысы дүниеге келген айда салауатты көбірекайтып, сәлем жолдау ізгі құлшылықтардың бірі, – деді ол өз сөзінде.

Айта кету керек, "Иманғали" орталық мешітінде өткен қайырымдылық акция аясында 120-дан астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық көмек алған кісілер игі іске ұйытқы болған бас имам Б.Берденұлына және мешіт қызметкерлеріне, оған ат салысқан өзге де қайырымды жандарға шексіз ризашылықтарын білдірді. 

 

 «Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру