Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемендегі қайырымдылық шараларының легі

15.12.2016 3099 0 пікір

 

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген мәуліт айы қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылық шараларын барлық форматта кеңінен өрістетті.

Өкілдіктің бастамасымен «Үміт сыйла» акциясы аясында қан тапсыру шарасы нәтижелі жүріліп, облыстық және қалалық мешіт қызметкерлерімен қоса 100-ден астам жамағат облыстық «Қан орталығына» қан тапсырды.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің жастар ісі бөлімінің қызметкерлері арнайы мектеп-интернатындағы 30 балаға қайырымдылық жасады. Оларға азық-түлік басқада сыйлықтар тапсырылды.

«Мүмкінлдігі шектеулі балаларды қуантудың өзі жақсы іс. Әр бала көңілді, бақытты болуы тиіс. Олар әрқашан мейірім мен жылуды сезінуді керек. Біз бұл бағытта үнемі шаралар ұйымдастырып келеміз, әрі алда да бұл жұмыстар жалғасатын болады» деп атап өтті, өкіл имам.

Өскемендік мешіт жамағаттары «Халифа Алтай» мешітінің ауласындағы қарды күреп, шынайы ниетпен қайырымдылық ісіне ат салысуда.

Өкілдіктен Өскемен қаласында тұратын жасы ұлғайған бірнеше қарттарға көмір  түсіріліп берілді. Бұл шара өкілдікке қарасты барлық аудандарда жүріліп жатыр. Аудан имамдары да өкілдіктің тапсырмасына сәйкес қайырымдылық шараларын түрлі форматта көптеп ұйымдастырып жатыр. Алда да қайырымдылық істері толассыз жалғаса беретін болады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру