Ақтөбеде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тақырыбын талқылаған халықаралық конференция өтті. 4 мыңан астам діни бірлестіктердің өз қызметтерін тұрақты атқарып жатқандары айтылды.
— Ақтөбе облысының аумағында 90 діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, жергілікті атқарушы орындар барлығына бірдей жағдай жасап отыр. Президентіміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ұлттар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлкен көңіл бөлді, — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Шара барысында 25 жылда еліміз толеранттылықтың, ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімнің эталонына айналып отырғандығы айтылды.
Аталмыш конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, солардың қатарында Бас Мүфтидің тапсырмасымен арнайы келіп, конференцияда кең ауқымды мәселелерді талқылап, сөз сөйлеген ҚМДБ «Жалпы және жастар» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханды айтуға болады. Сонымен қатар Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы, Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының Орынбор мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей ислам институтының өкілі, «Нұр Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің өкілі, Орск қаласы жергілікті діни бірлестік төрағасы, Қазан қаласының имам-мухтасибінің орынбасары, Қазан мухтасибаты аппаратының басшысы, республикалық және Ақтөбе облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері және жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, теолог мамандар мен имамдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Дін қызметкерлерінің арасында өткен халықаралық кездесуде дін мен дәстүр байланысы түсіндірілді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.12.2016
3511
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру