«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның бекіткен дәрістер кестесіне сай өткізіліп жатқан дәрістердің I-кезеңі аяқталды. Соған сәйкес сауат ашу курсында оқып жатқан әйел жамағатына емтихан өтті. Емтиханды мешіт ұстаздары Бектаева Диляром және Қошқарова Кенжегүл қабылдады. 150 шәкірттің арасынан 50 шәкірт Құран Кәрімге түсіп сүрелерді жаттап жатыр. Ал қалған 100 шәкірт Құран әліппесін бітіріп, тәжуид ережелерін үйренуде. Емтихан Құран, фиқһ, ақида, сияр, ислам әдебі пәндерінен қабылданды. Шәкірттер түгелдей үздік нәтижеде тапсырып, өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.
Бұдан бөлек әйелдер жамағаты арасында бауырмашылықты нығайту мақсатында әртүрлі шаралар өткізіліп тұрады. Солардың қатарында мешіт ұстаздарының әйел жамағатына жасап жүрген ауызашарларын айтуға болады. Алла Тағала баршамызды игілік жасайтын құлдарының қатарынан қылсын.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.12.2016
3483
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру