Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада «Қайырымдылық керуені – 2016» акциясы өтті

12.12.2016 3393 0 пікір

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қайырымдылық керуені – 2016» акциясы аясында 6 миллиард теңге қаражат жиналып, көмекке зәру мыңдаған адамдарға жәрдем берілді. Бұл туралы қазақстандық қайырымды жандардың екінші форумында айтылды, - деп хабарлайды 24.kz. Шараға еліміздің әр қиырынан 350-дей меценат келген. Айта кетейік, Қазақстан халқы ассамблеясының форумына қоғам қайраткерлері кәсіпкерлер спортшылар және өзге де жұртшылық қатысқан. Олардың арасында маңдай термен тапқан табысын өзгелермен бөлісіп, көп жыл бойы қыруар қаржыны мұқтаждық көрген жандарға үлестіріп келе жатқан меценаттар аз емес. Осы бағыттағы акция келер жылы «Қайырымды ел – 2017» атауымен өтпек. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру