Астана қаласындағы «Cәдуқас қажы Ғылмани» мешітінде адамзаттың ардақтысы болған Мұхаммед ﷺ пайғамбарымыздың туылған айына орай Мәуліт оқылды.
Мұсылманша айтізбесі бойынша Рабиғул-әууәл айының келуіне орай, ҚМДБ-ның бастамасымен бүкіл ел көлемінде Мәуліт мерекесі басталды.
Осы мерекелік шаралар аясында, Елорда мештіттері де Мәуліт мерекесін бастады.
«Cәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имам Жұманазар қари Садырханов жұма намазына жиылған жамағатқа, адамзаттың ардақты тұлғасы, сүйікті пайғамбарымыздың өмір жолынан сыр шертетін жұма уағызын айтты.
Өкілдіктің тапсырмасы аясында, жұма намазының алдында адамзаттың Ардақтсы, екі дүниенің Сұлтаны, Алланың ақырғы Елшісі Мұхаммед Мұстафаның ﷺ ғаламға үлгі болған асыл қасиеттері, ғибыратты ғұмыры, қайталанбас тұлғасы жайлы баяндалған мәуліт жыры оқылып, Расулуллаға ﷺ салауат, сәлемдер жолдады.
Мешіттің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара жамағаттың қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді.
Осылайша, өкілдіктің бастамашылығымен, «Cәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Мәуліт оқылуымен Елордадағы мерекелік іс-шаралар легі басталып та кетті. Мереке әр жұма сайын Елорда мешіттерінде әлі де жалғасады.
«Cәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.12.2016
3400
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру