Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иманғали» орталық мешітінде айлық отырыс өтті (фото)

08.12.2016 3482 0 пікір

Өткен апта аяғында «Иманғали» орталық мешітінің айлық-рухани отырысы болып өтті. Әрбір ай дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан айлық отырыстың осы жолғы тақырыбы  адамзаттың ашық дұшпаны ібіліс-шайтанның жаулық сипаттарына арналды.

Ақ дастархан басында жамағаттың басын қосқан келелі кеңесті ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, облысымызға арнайы шақыртумен облыстық дін саласына қызметке келіп жатқан теолог Батырбек Убаевты көпшілік қауымға таныстырды.

Дін саласының білгір маманы Б.Убаев ібілістің адамзат тарихында алар орнына тоқтала келе, оның қияметке дейін созылар жау пиғылын сипаттап берді. «Шайтанның басты мақсаты – бізді Алла тағаланың разылығынан алыстатып,  тура жолдан тайдыру. Қоғамда бүлік тудырып, айрандай ұйыған елді бірлік пен берекеден айыру. Ата салтымызға жат, теріс әрекетке себепші болу. Қазіргі кезеңде көшемізді жайлаған барша имансыздықтың бастауы – осы ібіліс-шайтанның азғыруынан болып жатқан дүние. Сондықтан да одан   сақтанып, қорғанудың қажеттілігі зор. Дініміз де осыны мақұлдайды», – деді ол өз сөзінде.

Жиын соңында теолог жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алмасылды.

«Иманғали» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру