Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚазМұнайГаз компаниясы басшысына алғыс хат табысталды

05.12.2016 4364 0 пікір

ҚазМұнайГаз компаниясының директоры қызметіндегі мешіт жанашырына өкіл имам атынан алғыс хат табыстады.

Әрқашан да мешітке жаны ашып, оның материалдық жағына қарайласып, қамтамасыз ететін азаматтар арамызда бар. Қанат Серікбайұлы – сондай кісілердің бірі қатарында. Мешіт жанашыры, Ақтөбе қаласының тұрғыны Алла үйіне үнемі көмек қолын созып тұрады.

Мұсылмандық тұрғыдан үлкен адамгершілік үлгісін көрсеткен азаматтар қатарынан болған бұл кісі ҚазМұнайГаз компаниясының директоры қызметінде. Өкіл имам атынан Алла жолында жасап жатқан ізгілігі үшін мадақтама табысталып, игіліктеріне ризашылықтар білдірілді. Алла Тағала дінге жаны ашитын азаматтардың қатарын көбейтсін!

 

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру