Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысы қала, аудан имамдарының жылды қорытындылау есебі тыңдалды

05.12.2016 3372 0 пікір

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде Ақтөбе облысы бойынша қала, аудан имамдарының 2016 жылды қорытындылауға арналған жиналысы өтті. Өкіл имам Т.Оспан имамдардың есебін қабылдады. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің қатарында 2016 жылды қорытындылау мақсатында Ақтөбе облысы қала, аудан имамдарының діни іс-шаралар есебін тыңдап (слайд түрінде)  және «Ауқымды түсіндірме жұмысы» тобының жұмысын қорытындылады.

Одан бөлек ҚМДБ тарапынан бекітілген бірқатар тапсырмалардың орындалуын пысықтап, солардың ішінде газет-журналға жазылуды ұйымдастыру, садақа түсімінің 30%-ын Діни басқармаға аудару, сайтқа мешіт сипаттамасын өткізу, мешіт қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуі, апталық есепті тиянақты беруі және сол секілді бірнеше тапсырмалардың орындалуы қарастырылды.

Жылды қорытындылау есебін тапсырған имамдардың қатарынан өзгеше көзге түскен және жақсы нәтижелерді көрсеткен Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Жүсіпов Ерболатты өкіл имам айырықша атап өтті.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру