Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: Қала имамдары жылды қорытындылады

05.12.2016 4101 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қалалық мешіттерінің имамдары Алматы Орталық мешітінде бас қосты. Жиын барысында өкіл имам Нұрбек қажы Есмағанбет мешіт имамдарының жылдық есебін тыңдады.

Жыл бойы жан-жақты қызмет атқарып, халықпен тығыз байланыста болған қала имамдары ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша есептерін сәтті тапсырды. Өкіл имам осы жылдың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары екендігін баса айтып, жоғары деңгейде қызмет жасап отырған имамдарды атап өтті. Ел руханиятының дамуына өз үлестерін қосып жүрген қала имамдары өз ойларын білдіріп, ұсыныстарымен бөлісіп, тың идеяларды ортаға салды.

Алла Тағала екі дүниеде де дәрежемізді арттырып, жүзімізді жарық еткей.   

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру