Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үш күндік семинар жұмысы қорытындыланды

02.12.2016 3605 0 пікір

Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын зайырлылық ұстанымы мен оның қағидалары жайында мамандарға түсінік беру мақсатында ұйымдастырылған үш күндік курстың жабылу салтанаты қарашаның 30-жұлдызында өтті.

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы және «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен,шараның қорытындысына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Мансұров Батыржан Берденұлы, Ақапараттық-талдау орталығының басшысы Аташев Айбек Асқарбекұлы және білікті дінтанушы мамандар Ғазиз Аxмет, Ернар Мәжен арнайы қатысып, білімдерін шыңдаған имамдарға арнайы сертификат табыстады.

Аталмыш семинар барысында мемлекетіміздің дін саласындағы саясаты түсіндіріліп, ханафи мәзһабы мен матуриди сенім мектебінің негізгі тұстары, дәстүрлі дін саласындағы өзекті мәселелер, оларды еңсеру жолдары сияқты ауқымды тақырыптар қамтылды. 

Айта кетейік, аймағымызда дін қызметкерлерінің біліктілігін шыңдауға бағытталған мұндай курстар жыл сайын ұйымдастырылып келеді. 

 

Атырау облыстық «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру