
28 қараша күні Ресей Федерациясының іргелес жатқан Орынбор қаласында Орынбор облыстық әкімшілігі мен Ресей мұсылмандарының діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислами білім: тарихы, қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-теологиялық конференция өтті. Конференцияға Орынбор облыстық Үкіметінің губернаторы Ю.А.Берг, Ресей мұсылмандарының Орталық басқармасының төрағасы, Жоғарғы мүфтиі Шейх уль-ислам Талгат Сафа Таджуддин, Заң, Білім министрлігі, Қоғамдық палата мүшелері, жоғарғы оқу орындарының ректор-профессорлары, атқарушы билік өкілдері қатысып, өз баяндамалары мен дін мәселелерін ортаға салды.
Пленарлық отырыспен басталып, түстен кейін ғылыми және теология секциясында арнайы жалғасқан бұл ғылыми-теологиялық конференцияға арнайы Қазастан мұсылмандары діни басқармасынан Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бас имамы Руслан Султанов, Ақтөбе қаласынан Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Асылхан Темирханов, сондай-ақ, БҚО Ақсай қаласының имамы Мейрамбек Абдрахманов қатысты. Пленарлық отырыстың ресми салтанатты бөлімінде ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық ықыласы мен лебізін жеткізіп, «Қазақстандағы ислами білім» атты баяндамасымен сөз алды. Теология секциясында да ҚМДБ өкілдері өз кезегінде білім беру, білім беру мәселелерін шешу, қазақстандық медреселердің тәжірибелері мен шешімдері турасында баяндап өтті. Жалпы халықаралық деңгейдегі бұл ғылыми-теологиялық конференция өңірдегі ислами білімнің даму жүйесі, болашағы, діни экстремизмнің саяси түбірін, тарихи медреселер, мұсылмандық философия, көршілес ресей, башқұрт, татар халықтары арасындағы ислами мәселелер, рухани құндылықтар хақында жан-жақты толық қамтыған жоғары деңгейдегі пікір алмасу мен түйінді жиын болды.
Нұрлан Саматұлы
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.11.2016
3635
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру