Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Әйел ұстаздарға семинар-тренинг өтті

29.11.2016 3853 0 пікір

Алматы орталық мешіті мен қалалық дін істері басқармасының «Сараптама және зерттеу» орталығы бірлесіп «Теологияның өзекті мәселелері» тақырыбында қала мешеттеріндегі әйел ұстаздардың біліктілігін көтеруге бағытталған «Теріс ағымдармен күресудің әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері» жөнінде семинар-тренинг өткізді.

Тренингте танымал әрі білікті мамандар Асқар Сабдин, Еркінбек Шоқай, Ахметова Маржанқыз және қари Ақүрпекова Гүлзат ұстаздар теріс ағымдардың таралуымен күресудің әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері турасында дәріс оқыды. Екі аптаға созылған семинарға қатысушыларға Алматы орталық мешіті және қалалық дін істері басқармасының «Сараптама және зерттеу» орталығының сертификаты табыс етілді.   

 

 Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру