Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Журналистерге үлкен серпіліс берді

28.11.2016 3423 0 пікір

Жақында Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның өкілдіктеріндегі баспасөз хатшыларының басын қосқан республикалық семинар өтті.

Алдымен семинарға қатысушыларға сәттілік тілеген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгінгі таңда мешіттердегі баспасөз қызметіне шығармашылық табыс тілеп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.  

– Асыл дініміздің өркендеуіне атсалысып, ауқымды шаралардың БАҚ беттерінде насихатталуына,  аянбай еңбек жасап жатқандарына Алла разы болсын, – деп Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы өңірлердегі тілшілер қауымына өз алғысын білдірді.

Одан кейін  «Қазақстан» РТРК» Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай, Baq.kz порталы бас редакторының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов, ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы бейнесабақ арқылы арнайы дәріс сабақтарын беріп, баяндама жасап, журналистика мамандығының қыр-сырына қанықтыра түссе, майталман журналистердің дәрісі семинарға қатысушыларға үлкен серпіліс берді.

ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлына әр өңірдің   тілшілерінің ұсыныстары айтылып, оң шешімін таба алды.

Алдағы уақытта баспасөз хатшыларының басын қосқан семинар өзге облыстарда өз жалғасын таппақ.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру