25 қараша Түркістан қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің бастамасымен құрылған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қала тұрғындарымен кездесті.
Жиынды қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков жүргізді. Осы орайда алғашқы баяндама жасаған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» басқармасының басшысы, республикалық ақпараттық-түсіндіру топ басшысы М.Иманбаев, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарланған мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған шаралар мен қазіргі таңдағы діни ахуалға тоқталып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу қажеттігі жайында кеңінен баяндап өтті.
Сондай-ақ ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мекемесінің бас сарапшысы А.Мұқашев діни экстремизмнің алдын алу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» исламды зерттеу бөлімінің бастығы М.Исахан діни бірлестіктердің қоғамдағы ролін айшықтап, дәстүрлі емес радикалды ұйымдардың әрекеттерінің алдын алу және болдырмау жөнінде баяндап берді. Бұған қоса, облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Жалмұрзаев, ұлтаралық татулықты нығайтуға күш салу керек екендігін назарға салды.
Жиын соңында мамандар, ең бастысы, қауіпті діни ұйымдарға көп болып қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы іс-шаралар одан әрі жалғаса бермек.
ҚазАқпарат
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2016
3158
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру