Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық – ислам дінінің бөлінбес бөлшегі

28.11.2016 3460 0 пікір

«Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан ашылған «Сен де үлес қос» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе қаласында орналасқан «Ақтөбе» қайырымдылық мекемесіне 20 келі ет пен 17 дана ер балаларға арналған көйлек берілді.

«Ақтөбе» қайырымдылық мекемесінің орынбасары Сараухан Қуаныш және Сариев Сұлтангелді есімді азаматтар өздері келіп, ризашылықтарын білдіріп қайтты. Одан бөлек Омаров Нұрсұлтан Оспанұлы есімді кісінің кішкентай баласына арба тарту етілсе, өтінішін білдірген әйел кісіге киім-кешектей көмек көрсетілді. Қайырымдылық акциясына өз үлестеріңізді тигізіңіздер!

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру