Осыдан төрт жыл бұрын Астана жұртшылығына есігін айқара ашқан «Әзірет Сұлтан» мешіті бұл күнде еліміздегі білім-ғылымның еңселі ордасына айналған. Мешіттегі діни сауат ашу курстарына қабылданған шәкірттер санының жылдан-жылға артып келе жатқаны да – осы сөзіміздің айқын дәлелі. Ал, биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі шәкірттер саны 600-ден асқаны жайлы жаңалық та жариялаған болатынбыз.
Бұған қоса, мешіт имамдары мен ұстаздарының түрлі тақырыптардағы дәріс сабақтары, жексенбілік және күнделікті кешкі уағыздар, шәкірттерге арналған спорттық сайыстар мен білім жарыстары да көптеп ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен былтырғы жылдан бастап өткізіліп келе жатқан шәкірттер арасындағы білім сайысы.

Аталмыш білім сайысы биылғы жылы да өз жалғасын тауып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері арасында кеше «Пайғамбар (ﷺ) үйреткен намаз» атты сайыс болып өтті. Мешіт ұстаздары мен имамдарының әр тобынан 14 шәкірттен қатысқан білім сайысының сұрақтары бұл жолы намаз құлшылығына қатысты болды. Намазға байланысты Ханафи мәзһабындағы ұстанымға алатын хадистер мен қағидаларды қамтыған 40 сұрақтан құралған билеттер бойынша шәкірттер білімі сарапқа салынды.
Жалпы саны 112 шәкірт қатысқан білім сайысының бірінші кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, жоғары ұпай жинаған алты үміткер енді желтоқсан айының 9-жұлдызында өтетін ақтық айналымда бақ сынасатын болады.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2016
3197
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру