Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда «Ислам және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті

25.11.2016 3432 0 пікір

2016 жылғы 24 қараша күні ҚМДБ-ның Павлодар облыстық өкілдігі, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай «Ислам және Тәуелсіздік» атты Республикалық ғылыми конференциясын өткізді.

Республикалық ғылыми конференцияға ҚМДБ өкілдері, теолог ғалымдар, облыс және қала басшылығы, облыстық Дін істері басқармасы өкілдері, ЖОО оқытушылары мен облыстық мемлекеттік мекемелер мамандары, зиялы қауымы қатысты.

Ғылыми конференцияға  еліміздің танымал теолог дінтанушылары қатысып, баяндамаларын оқыды. Соның ішінде ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Ершат Оңғаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әдебиет кафедрасының доценті, дінтанушы Омар Жәлелұлы, Исламтану ғылымдарының Ph.D докторы, хадистанушы, фиқһтанушы, ислам тариxшысы Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша Бас имамы Қанат Қыдырмин.

Конференцияның ашылу салтанатына орай ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің Бас имамы Исенов Нариман Ермекұлы сөз сөйлейді: «Бүгін біз ғалымдармен бірлесе отырып, жастар буынын дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтар мен иман мен иба негіздерінде отансүйгіш қылып тәрбиелеу,  ислам дінінің хақ негіздерін насихаттау формасында жұмыс атқару, біз деструктивтік секталар мен жат ағымдардың надандық пен қараңғылық кесепатын жаятын теріс идеологиясына жастардың діни білімге деген құштарлығын, туған жерге деген махаббатын, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қарсы қоюымыз керек», - деді.  

Шара барысында ҚМДБ-ның теолог мамандары  қоғамдағы діни өзекті мәселелер жайлы ойларымен бөлісіп, Діни басқарманың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары мен бастамалары туралы сөз етті. Сонымен қатар ислам құндылықтары, оның ішінде еліміздің ұстанатын дәстүрлі Ханафи мазһабын насихаттау, соңғы кездегі қоғамымызды алаңдатқан түрлі діни секталардан қорғану және теріс ағымдардың үгіттеуіне еріп кетпеу жолдары жөнінде талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай өткізілетін «Ислам және Тәуелсіздік» атты Республикалық ғылыми конференциясына қатысушыларынан жамағатқа үндеуін жарияланды.

Конференцияны ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті. Алдағы уақытта ғылыми конференцияға тыңдалған материалдар жинақта жарияланады.

 

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп»

орталық мешітінің баспасөз қызметі 

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру