Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты әйелдерге арналған конференция өтті

24.11.2016 4214 0 пікір

23 қараша күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты исламтанушы әйелдерге арналған конференция өтті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері Алтынбек Ұтысханұлы мен Бақтыбай Бейсенбаев, «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова, осы секторға қарасты әр өңірдегі өкілдері мен қоғам қайраткерлері, исламтанушы әйелдер қатысты.

Конференция аясында жақында ғана ашылған «Әйелдер-қыздар» секторының еліміз бойынша атқарған іс-шараларының есебі айтылып, бейнеролик түрінде қатысушылар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, түрлі ұсыныстар айтылып, алдағы жылы атқарылатын жұмыстардың жалпы жоспары талқыланды. Конференция соңында қатысушылардың үндеуі жарияланды.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру