Маңғыстау облыстық мешітінің ұйымдастыруыменен Ақтау қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылында «Әлемнің рақым нұры Мұхаммед ﷺ» атты рухани кеш өтті. Шараға белсенді ат салысқан «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жастар қанаты мен Мұнайлы аудандық мешіті жанындағы «Үммет жастарының» мүшелері өздерінің даярлап әкелген бағдарламасы бойынша көріністер қойып, өлеңдер оқыды. Мәуліт шарасына өкіл имам С.Сейтбеков қатысып, пайғамбарымыз (ﷺ) туралы әңгімелеп, оның (ﷺ) өнегелі өмірінен әрбір мұсылманға алар үлгі барын айтты.
Кеш барысында балаларға Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) туралы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.11.2016
3472
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру