Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (ФОТО)

23.11.2016 9179 0 пікір

Қызылорда қаласының шетіндегі үш бөлмелі жер үйде тұрып келген мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуовалар күтпеген жерден үйлі болды.

67689641_zima

Аты-жөнін жариялағысы келмеген азамат ол кісілерге жеті бөлмелі үй, автокөлік және моторлы мүгедек арбасын сыйлаған.

рр

Олар осыған дейін Қызылорда қаласының шетінде 3 бөлмелі жайсыз үйде тұрып келген. Отағасы жомарт жанның баспанадан бөлек тағыда сый жасағанын айтады.

965afa4205be9d6de3e24065c50 (1)

«Үйден бөлек жаңа көлік сыйлады. Оны енді өз ыңғайыма қарай жастып жатырмын. Тағы тоқпен жүретін мүгедек арбасын тарту етті», – дейді Бақытбек Сейітбаев.

Ерлі зайыптылар мүмкіндігі шектеулі боғанына қарамастан қол қусырып қарап отырмайды. Әйелі тігінмен айналысса, күйеуі көлігімен адам тасып күнелтіп келген.

г

Олар бұрынғы баспанасында дәретхана мен жуынатын жердің қиынға соққанын айтады. Мектебі сәл алыстағаны болмаса қыздары да жаңа үйге мәз болуда.

meyirzhan1

Қызылорда қалалық әкімдігі бұл отбасының жағдайымен таныс болса да, үйді кезексіз бере алмайтындарын айтқан. Ал, баспана мәселесін қайырымдылықпен шешіп берген жомарт жан есімін көпке жариялауды жөн көрмеді.

 azattyq.org

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру