Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Наиб имамдарға семинар-тренинг өтті

23.11.2016 3633 0 пікір

Наиб имамдарға теріс ағымдармен күресудің әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері жөнінде семинар-тренинг өтті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қалалық дін істері басқармасының «Сараптама және зерттеу» орталығымен бірлесіп Алматы орталық мешітінде «Теологияның өзекті мәселелері» тақырыбында қала мешеттеріндегі наиб имамдардың біліктілігін көтеруге бағытталған семинар-тренинг өткізді. Тренингте танымал әрі білікті мамандар Асқар Сабдин, Еркінбек Шоқай және қари Қасымалиев Бахтияр теріс ағымдардың таралуымен күресудің әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері турасында  дәріс оқыды. Екі аптаға созылған семинарға қатысушы наиб имамдарға ҚМДБ және Алматы қалалық дін істері басқармасының «Сараптама және зерттеу» орталығының сертификаты табыс етілді.  

 Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру