Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО әкімі қала және аудан имамдарымен кездесті

22.11.2016 4217 0 пікір

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы қала, аудан мешіттерінің бас имамдарымен облыс әкімі Ерік Сұлтановпен өткізген  кездесу жиынына қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі имамдарды тұңғыш президент күнімен және Егемендігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз септігін тигізетініне сенім білдірді. 

Бұл басқосуда, өкіл имам СҚО-ға қарасты мешіттердің жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның ішінде: Ақпараттық насихат тобының жүйелі жұмыс жүргізілуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлар жайында сөз қозғады.

Жиын соңында өкіл имам облыс әкімінің  қолдауына, талап-ұсыныстарын қабылдағанына алғысын білдірді. Облыс әкімі өз кезегінде өкіл имам ұсынған талап-тілектердің орынды екенін айта келе толықтай назарда болатынын мәлімдеді.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру