ҚМДБ-ның Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша аудан-қала имамдарының жылдық есебі тыңдалды. Жылдық есеп беру жиналысында уағыз-насихат, қайырымдылық шаралар, оқу-ағарту және діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қарттарға құрмет, жастар және әйелдер мәселесі, ҚМДБ-ның Тұғырнамасының насихатталуы және дін мен дәстүр туралы сөз қозғалды.
ҚМДБ-ның Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы өңір бойынша 8 аудан 1 қала және Талдықорған қаласына қарасты 5 мешіт имамдарының есеп беру жиналысынан кейін, атқарған игі шараларын жоғары деңгейде бағалап, имамдарға қызметтеріне сәттілік тіледі.
Жылдық есеп қорытындысынан кейін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп алдағы уақытта Алла жазса бірлесе отырып, әрі қарай жұмысты жандандыра беруге шақырды.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.11.2016
3353
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру