Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам еліміздің іргелі оқу орнында дәріс оқыды

21.11.2016 4033 0 пікір

Еліміздің іргелі оқу орындарының бірі «Л.Н.Гумелев» атындағы Еуразия ұлттық университенінің студенттеріне «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен ЖАТТ (Жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобы) мүшесі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бақытжан Өткелбаев дәріс оқыды.

«Жастар арасында діни радикализм таралуының алдын алу» тақырыбында өткен кездесуде Б.Өткелбаев деструктивті діни ағымдардың шығу тарихына, көздеген мақсаттары мен мүдделеріне, олардың идеалогиялық белгілеріне кеңінен тоқталды.


Осымен қатар елдің бірлігі мен ынтымағын, тәуелсіздігін сақтауда радикалды топтардың алдын алудың және мемлекеттің діни тұтастығының маңыздылығын түрлі мысалдармен баяндады. Исламтанушы, дәрісте әрбір азамат пен азаматшаның, қандай мамандық иесі болмасын, әуелі өзінің және отбасының, кейін, ағайын-туыс, жора-жолдастарының өмірлерін жат ағымдардан сақтауы үшін, осымен қоса, елдің ынтымағы мен болашағына, тәуетер тәуелсіздігіне сызат түсірмеу үшін ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі діни құндылықтарды бір кісідей оқып-білу қажеттігін алға тартты. Міне, сонда ғана теріс пиғылды ағымдардың құрығына түсуден аман болатынын жеткізді. Студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Осымен қатар, студенттерге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам минстрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының  бөлім басшысы Тұрар Әбуов және басқа да азаматтар баяндама жасады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру